|
20.12.2023 | 18:03
710

2023 жылы отандастарымызды сан соқтырған алаяқтық түрлері қандай

Ақпарттың ақиқатын тексеріп алған жөн

2023 жылы отандастарымызды сан соқтырған алаяқтық түрлері қандай Сурет: elements.envato.com

Жыл өткен сайын интернет-алаяқтық түрлене түсуде. Тіпті көзі ашық деген адамның өзі қаскөйлердің құрбандығына айналып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының атын жамылған зиянды вирустары бар сілтемелер, туысқандар атынан соғылған зәре ұшырар қоңыраулар – биыл қазақстандықтар интернет-алаяқтықтың дәл осындай түрлерімен жиі бетпе бет келді. Дегенмен елдің көпшілігі мұның айлакерлік екенін дер кезінде сезе білген. Алайда биыл отандастарымыздың қаражатын жымқыруды көздеген алаяқтықтың жаңа тәсілі көптеп таралды. 

Қайырымдылықтың атын жамылған алаяқтықтар:  

Ауыр дертке шалдыққан балалар туралы оқиғалар кез келген адамды бей-жай қалдырмасы анық. Алаяқтар осыны барынша пайдалануға тырысады. Адамдардың эмоциясымен ойнап, жанашыршылығын ояту үшін танымал адамдар мен блогерлерді тарта отырып, "емге" ақша жинау мақсатында хабарландыру жасайды. Шын мәнінде алаяқтар ауру баланың суретін интернеттен алып, жалған өмірбаянын құрастырып жазады. Көбіне интернет-қылмыскер жалған қайырымдылық қордың атын пайдаланады. 

Сондықтан осындайлардың қармағына түсіп қалмау үшін ақпарттың ақиқатын тексеріп алған жөн. Ол үшін аты көрсетілген қорға хабарласып, ақпарат ала аласыз. 

Қарызға ақша сұрау

"Фишингтік" деген атауға ие болған шабуылдар түрі биыл тағы да кеңінен тарады. Алаяқтар вирусы бар сілтемелер арқылы құрбандығының мессенджеріне қол жеткізіп, аздаған ақшаны қарызға бере тұруды өтінген хабарлама тарата алады. Алайда сұраған ақшаны көрсетілген шотқа жіберу керек. Ал телефонға вирус, дыбыстық жазба, мәтін немесе байқаулар туралы сілтеме арқылы түсе береді.

Сондықтан туысқандардың немесе достардың атын жамылған кез келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, хабарландыруларды ашпаңыз. Ал жақындарыңызға алаяқтық қаупі болғаны туралы ескертіп қойыңыз.

Жүргізуші куәлігін саудалау

Алаяқтар шеберлікпен пайдаланып жүрген қылмыстық кестенің тағы бір түрі – емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу. Қаскөйлер емтихан тапсырмай-ақ және оқымастан жүргізуші куәлігін алуға болатыны туралы қызықты хабарландыру жариялайды, бірақ оларға тек жеке деректеріңіз бен нақты бір соманы жібергеніңіз қажет. Алаяқтар мұндай жағдайда сіздің ақшаңызды жымқырып қана қоймайды, оған қоса, өз мақсаты үшін сіздің жеке мәліметтеріңізге де қол жеткізе алады.

Оқи отырыңыз: Атырауда қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир