Өрттен түгі қалмаған үй қайта қалпына келтірілмек

Өрттен түгі қалмаған үй қайта қалпына келтірілмек
Белгісіз кәсіпкер үйдің қабырғасын қалауға 40 мың кірпіш берген​
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір ай бұрын өрттен түгі қалмай жанып кеткен үйдің, бүгін іргетасы қаланып бітті. «Достық» ықшамауданынының тұрғыны Турдахун Бахиев тамыздың басында тілсіз жаудың кесірінен баспанасыз қалған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«НұрОтан» партиясына жағдайын айтып барған отбасыға бірінші болып көмек қолын созғандардың бірі қалалық мәслихат депутаты Қасымов Ерболат. Ол өз қаражатынан үйдің фундаментін салып берді. Депутат бүгін жұмыстың қалай аяқталғанымен танысып, халықпен тілдесіп қайтты. Одан өзге зардап шеккен отбасыға көршілері мен туыстары да жан-жақты көмектерін аямай жатыр екен. Тіпті, белгісіз кәсіпкер үйдің қабырғасын қалауға 40 мың кірпіш берген көрінеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, биыл қыс түспей қоныс тойын тойлаймыз деп отыр, жаңа баспанаға ие болған отбасы.    

«Қыркүйектің 4-іне келгенімізде жағдай басқаша болған. Қазақтың жақсы мақалы бар ғой «көп түкірсе көл болады» деген. Халық жұмылып, біреуі кірпіш берді, біреуі цемент берді, біреу ағаш берді. ЕндіҮйдің қабырғаларын бастайын деп жатыр», – деді Алматы қалалық маслихатының  депутаты Ерболат ҚАСЫМОВ.

«Осы үйдің бір бөлігі сол кісінікі. Бүкіл әулетіміздің атынан айтар алғысымыз шексіз», – деді Т.Бахиевтің қарындасы Арзыгүл ӨТЕГЕНОВА.  

Новости партнеров