Алматыда Оңтүстік Кореяның үздік дәрігерлері науқастарды тегін қарауда

Алматыда Оңтүстік Кореяның үздік дәрігерлері  науқастарды тегін қарауда
Дәрігерлер ақылдаса келе, науқастардың арасындағы 20 жастағы жігітке ота жасайтын болып шешті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда лор патологиясы бар науқастарға Оңтүстік Кореяның үздік дәрігерлері тегін кеңес беруде. Шетелден келген білікті мамандар оларға медициналық тексеріс те жүргізеді. Ақысыз акцияны естіп қараламыз дегендердің қарасы өте көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, ақ халаттылар ақылдаса келе науқастардың арасындағы 20 жастағы жігітке ота жасайтын болып шешті.

 Азаматқа туа бітті мұрын аномалиясы диагнозы қойылыпты. Ол бүгінге дейін 5 рет операцияға түскен. Отаны кореялық мамандардың бақылауымен №5 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жасайды. Нәтижесін алдағы уақытта арнамыздан көрсететін боламыз.

«Қазақстанның көп жеріне,  тіпті шетелге де барып көрдім. Ол жақта да жасай алмаймыз деді. Жасаса тек Корея, болмаса Израильде деді. Сонымен №5 ауруханаға үшінші рет келіп тұрмын. Міне, Кореядан дәрігерлер келіпті, үмітім осылардар», – дейді  Нұрлан ЕРЕЖЕПОВ.

«Біз бұған дейін Оңтүстік Кореяға барып, мұрынға ота жасаған болатынбыз. Олар енді Алматыға операция барысын бақылауға арнайы келді. Сондай-ақ біздің аурухана Оңтүстік Корея дәрігерлерімен тәжірибе алмасып тұру жөнінде меморандумға қол қойдық. Бұл – өте күрделі ота. Бірінші кезеңде тыныс жолдары қалыпқа келтіріліп, мұрынның пішіні өзгертіледі», – деді Алматы қаласы № 5 қалалық клиникалық ауруханасының лор дәрігері Мұхамед ШБАИР.

Новости партнеров