|
08.05.2019 | 06:56
3361

Нұр-Сұлтанда соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді

Бүгінде елордада 71 соғыс ардагері мен 4000-ға жуық тыл еңбеккері тұрады

Нұр-Сұлтанда соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді

 Жылдағы дәстүр бойынша соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері зұлмат жылдары қан майданда қаза болған жауынгерлердің зиратына барды. Соғыс құрбандарын бір минут үнсіз еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мен үйдің үлкенімін. Өзімнен кейін бес қарындасым болды. Таңертең тұрып, алтаумыз алты жақтан «әже, нан» деп жылаймыз. Әжеміз екі уыс бидайды табаға қуырып, бір уысын маған, тағы бір уысын қарындастарыма береді. Өзі біздің жеп жатқанымызға қарап. жылап тұратын. Қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман ғой. Балаларым мен немере-шөберелерім ондай зұлматты көрмесін», – дейді тыл еңбеккері Жұмағали БАЙТЫҚ.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қарияларға жауынгерлік ботқа берілді. Бір дастархан басында қауышқан олар сұрапыл соғыста көргендерін еске алды.

Атап өту керек, бүгінде елордада Ұлы отан соғысына қатысқан 71 ардагер мен 4000-ға жуық тыл еңбеккері тұрады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир