Несие шырғалаңы: банктердегі берешек 525 млрд теңгеден асқан

Almaty.tv
Almaty.tv
Елімізде 385 мың қазақстандық несие алудан ерікті түрде бас тартқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 385 мың қазақстандық несие алудан ерікті түрде бас тартқан. Соңғы 5 айда банктердегі берешектің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елімізде азаматтардың несие алудан ерікті бас тартуы туралы заң ақпанда күшіне енген. Содан бері бұл қызметті 400 мыңға тарта қазақстандық пайдаланып үлгерген. Шектеу мерзімі шамамен 6 ай. Азаматтардың қарыз жүктемесін азайту мақсатында қабылданған шаралардың барлығы нәтижелі болмайтын көрінеді. Қазірдің өзінде 1,5 миллион қазақстандық борышкерлер қатарында. Олардың берешегін өтемей жүргендеріне 3 айдан асқан.

– Соңғы жылдары микроқаржыландыру секторы өсуінің негізгі драйвері кредиттік ресурстарды ұсынудың жылдамдығы мен қарапайымдылығы болды. Микрокредит беру қызмет көрсетудің цифрлық технологияларын белсенді қолдана бастады. Бұл бүкіл ел бойынша таралған ауқымды филиалдық желі мен клиенттерге азық-түлік желісін қолжетімділігін кеңейтуге , сондай-ақ бизнес дамыту үшін шалғай ауылдар үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке тұлғалардың кредит ресурстарына қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Мамандардың сөзінше, еліміздің барлық өңірінде микроқаржы субъектілері бар. Банктерден берешек алатындардың басым бөлігі кәсіпкер. Бүгінде ең көп қарызы бар аймақтар көшін Павлодар және Қостанай облыстары бастап тұр. Республика бойынша соңғы 3 жылда бұл секторда шағын несиелер 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

– 2020 жылға дейін 5000-нан астам субъекті болған. Олардың лицензиясы болмаған. 2021 жылы 1100 субъект лицензия алды. Қалғандары алмады, – деді Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбек.

Бизнестен бөлек, сауда және қызмет көрсету салаларынан несиеге сұраныс азаймаған. Ресми дерекке сүйенсек, аталған бағытқа қарыз алу Шымкент, Астана, Алматы, Түркістан облыстарында жиі тіркелген. Алғашқы жарты жылдың өзінде үлестірілген шағын несие көлемі 525 млрд теңгені құрады.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Қазақстанда кімдердің қарызы кешіріледі

Новости партнеров