ШҚО-да 4 адам суға кетіп көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірде 74 аймақта шомылуға тыйым салынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да биыл 4 адам суға кетіп көз жұмды. Өңірде апаттың алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жағажайларды тексеруге кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райының уақытша қолайсыз болуына байланысты шығыста шомылу маусымы кеш басталады. Аумақта қажетті заттар жабдықталып, тиісті белгілер қойылады. Бұл ретте қауіпсіздікке де баса мән берілмек.

– Ұланда бір, Алтай ауданында бір қайғылы жағдай болды. Бес күн бұрын Жанұзақ ауылында 3 жастағы бала суға батып кетті. Азаматтарға қауіпсіздік талабын қатаң сақтауды ескерткіміз, – деді  ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.

Бұқтырма су қоймасында жаз бойы жылжымалы бекет жұмыс істемек. Өңірде екі мыңнан аса су қоймасы бар десек, оның 22-сі ғана жүзуге рұқсат етілген аймаққа жатады. Тағы 74 жерде шомылуға тыйым салынған. Төтеншеліктер «аталған аумақтарда бұған дейін бірнеше мәрте адам өлімі болған, сондықтан бірқатар су қоймасына кіру мүмкін емес» дейді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында 2 жасар бала суға батып кетті

Новости партнеров