|
28.11.2019 | 14:33
2254

Лола Шәкімова Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді

Шара қалалық қоғамдық даму басқармасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді

Лола Шәкімова Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының психолог-сарапшысы Лола Шәкімова елімізде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Діни экстремизмнің алдын алудағы шаралардың ең бастысы отбасымыздағы күнделікті қарым-қатынас, бір-бірімізге деген сенім екенін атап көрсетті. Шара қалалық қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» ұйытқы болуымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.

«Бұл семинар терроризмнің алдын алуға бағытталған. Шараға түрлі жастағы, соның ішінде егде азаматтар көп қатысып жатыр. Біз қарапайым адамдарға әлеуметтік желі, интернет арқылы жат ағымның жетегіне тартқысы келетіндер жолыққанда не істеу керек екенін айтамыз. Семинар осы тұрғыда өткізіледі. Атап өтерлігі, мұндай кездесулер еліміздің өзге өңірлерінде де өтіп тұрады», – деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының психолог-сарапшысы Лола ШӘКІМОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир