Алатау ауданында тұрғындарға арналған телефон желісі ашылды

Алатау ауданында тұрғындарға арналған телефон желісі ашылды
Енді аудан халқы өздерін мазалаған сұрақтарын әкімдікке тікелей қоя алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы аудан басшысы халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Бүгінде Алатау қылмыс деңгейі ең төмен аудан екен. Мұнымен қатар, шалғай ықшамаудандарда көптеген әлеуметтік жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды "Almaty.tv тілшісі.

«Сонымен қатар, биыл жылы 67 шақырымды құрайтын көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жопарлануда. Оның ішінде «Шаңырақ-2», «Томирис» және басқа да шағынаудандар қамтылған. «Самғау», «Өжет», «Алғабас», «Шапағатта» жаңа жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар дайныдалуда. Аяқталуы 2020 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат ҚАЛДЫБЕКОВ.

Әкімнің есебін тыңдап болған соң тұрғындар жол, кәріз, тазалық сияқты мәселелер көтеріп, жол құрылысына көңілдерінің толмайтынын жеткізді. Жаңа әкім барлық түйткілді жеке қарауды қолға алып, әр сұрақ назарда болады деп сендірді.

«Шаңырақ-2»-де кәріз құбырларын бітірдік деп айттыңыз. Мен өзім құрылысшымын. Біздің көшеде, басқа жерлерде болсын ол дұрыс жасалынбаған. Оны алдындағы әкімге де талай әкеп көрсеткенбіз. Ол аяқсыз қалып қалды. Айтып отырсыз ғой осылай бірігіп жұмыс істейік деп. Сол осыны назарыңызға алсаңыз», - деді бір тұрғын.

«Тұрысов көшесінде «Сигма» деген компания жұмыс жасады. Ол көшеде жер бедеріне байланысты кәріз станциясы жұмыс жасамайды. Қазір байқау жарияладық, жеңімпаз бар. Осы көктемде жұмыс басталады», - деп жауап берді оған Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бас маманы Нұрлан ӨМІРХАНОВ.

Новости партнеров