|
21.09.2023 | 18:17
1864

«Жедел ден қою шарасы»: елімізде құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі

Республика бойынша 14 қалада 1000-нан астам заңсыз факті анықталған

«Жедел ден қою шарасы»: елімізде құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі Almaty.tv

Елімізде құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мамандары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.


Қатаң шара қабылдауға елдегі заңсыз құрылыс себеп болған. Бас прокуратура дерегінше, республика бойынша 14 қалада 1000-нан астам заңсыз факті анықталған. Ал министрлік соңғы 3 жылда сәулетшілерге түрлі заң бұзғаны үшін 218 әкімшілік хаттама толтырған. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті салынып жатқан нысандардағы жұмысты қадағалаудың жаңа тетігін пысықтап жатыр. Бақылаудың бұл формасы құрылыстың сапасына уақытылы инспекция жүргізуге мүмкіндік бермек.

– Құрылыс сапасына бақылауды күшейту мақсатында комитет «жедел ден қою шарасы» атты жаңа механизмді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бастама қазір Мәжіліс қарауында. Мұны e-Qurylys жүйесінде цифрландыру арқылы іске асыру көзделген. Бүгінгі таңда құрылысқа келгенде жергілікті атқарушы билік тарапынан кетіп жатқан кемшіліктер де бар. Олар көбінесе жер учаскесінің мақсатты пайдаланбауына жол беріп отыр. Сондықтан бақылаудың жаңа тетігі құрылыс сапасын уақытылы тексеруге және заң бұзылмауына мүмкіндік береді, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлерге арналған тұрғын үй бағдарламасы әзірленуі мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир