Алматы көшесіндегі жаңа төселген тротуар қайта жөнделді

Фото: телеканал "Алматы"
Фото: телеканал "Алматы"
Асфальт қалыңдығы талапқа сай келмей, мердігерлер оны өз қаражатына қайта жасап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары Алматы көшелеріне жаңа төселген асфальттен сынама алып, сапасын тексергені жайында бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Нәтижесінде «МБ-ДОРСТРОЙ» мекемесі жөндеу жүргізген Павленко көшесіндегі тротуардан ақау шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Зертхана мамандары асфальттің қалыңдығы талапқа сай болмай, небары 3 смді құрады деп ұйғарым жасаған. Сол себепті мердігерлер дереу олқылықтың түзеу үшін, таяуда ғана бітірген асфальтті қайта қопарып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

«Тротуардың 80 метрінде аздаған ақау анықталды. Сараптама нәтижесінде асфальт жабындысының қалыңдығы талапқа сай емес деген қорытынды шығарылыпты. Сондықтан ол жерді қопарып, қайтадан өз қаражатымызға жөндеу жүргізіп жатырмыз. Құрылыс жұмыстары кешке дейін бітеді. Тұрғындардан келтірген келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», – дейді «МБ-ДОРСТРОЙ» ЖШС директорының орынбасары Бақыт ЖАНДІЛОВ.

Новости партнеров