Алматы облысының тұрғыны дүниеге үшем әкелді. 33 жасында 8 баланың анасы атанған көпбалалы келіншек Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында босанған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сәбилер мерзімінен бұрын жоспарлы кесір тілігі арқылы өмірге келді. Ата-аналар қыздарына Дильназ, Гүлназ деген есім таңдаса, атұстарына Темірлан деп ат қойған. Үшемнің қазір денсаулығы жақсы.
– Сәбилер аз салмақпен дүниеге келді. Алғашқы күндері олардың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында болды. Акушер-гинеколог мен медбикелердің бақылауымен үш аптаның ішінде жаңа туған нәрестелердің әрқайсысы 300-ден 700 грамға дейін салмақ қосты. Жағдайы жақсы, – деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы Алматы облысы бойынша гинекология және акушерлік бағыт үйлестірушісі Ұлтай Кілтбаева.
Оұи отырыңыз: Қазақстанда маска тағу режимі қайта оралды