Маралды көлінде тағы да дау-дамай: Ерлан Тұрғымбаев мән-жайды түсіндірді

Маралды көлінде тағы да дау-дамай: Ерлан Тұрғымбаев мән-жайды түсіндірді
Төбелес салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Айта кетейік, жанжал 18 тамызда орын алған. Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті тұрғындар мен күзет агенттігі қызметкерлерінің арасында атыс болғанын хабарлаған еді. Жанжал көлді күзеткен қызметкерлері мотоцикл арқылы екі қап артемия салина шаяндарын әкетіп бара жатқан Маралды ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстап алғаннан басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шамамен 20 минутта оқиға орнына жергілікті тұрғындар келіп, тараптар арасында төбелес басталған. Облыстық департаменттен хабарлағандай, тұрғындардың бірі күзет агенттігінің автокөлігін айдап кеткен. Кейін "ВАЗ-2121" маркалы көлік табылғаны хабарланды.

«Маралдыдағы көл инвесторға жалға берілген. Аталған кәсіпкер көлдің табиғи байлығын бағып, балығын аулаумен айналысады. Көлдегі балық пен шаяндарды аулауға квота бөлінген. Демек, одан асырып, шаян аулауға тыйым салынған. Бұл – браконьерлік әрекет болмау үшін қолға алынған шара. Алайда, жергілікті тұрғындар шаянды квотасыз аулағандықтан, аталған инвестор арнайы күзет қызметін жалдады. Дау-жанжал жергілікті тұрғындар мен күзет қызметкерлері арасында туындады. Төбелеске ұласқан. Күзет қызметкерлері травматикалық қару қолданған. Жанжал нақты неден шықты? Кім кінәлі? Бәрін анықтайтын боламыз», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.

Төбелес салдарынан бес адам ауруханаға жатқызылды. Ішкі істер министрінің сөзінше, ешкім ауыр жарақат алмапты. Ал бүгінде оқиға орнында полицияның күшейтілген наряды жұмыс істеп жатыр. Аталған фактіге байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу амалдары басталып кетті.

Новости партнеров