Қазақстандағы компания қызметкерлерінің 99 пайызы қоқыс сұрыптауды білмейді. Соның салдарынан қалдықтар қайта өңдеу зауытына жетпей жатады. Табиғат жанашыры Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, әр қызметкерге қоқысты сұрыптауды үйретіп, «экомәдениет» қалыптастыру керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Яғни, кәсіпорындарға эко бокстар орнатып, керек емес заттарды арнайы ыдысқа салуды әдетке айналдыру қажет. Бастамашылар мұндай тәжірибе шетелде дамып кеткен дейді. Қазір «экожүйеде» мыңнан астам жұмыс істейді.
«Біз қоқыс таситын компания емеспіз. Біздің басты мақсатымыз – экожүйе қалыптастыру. Яғни, адамдарға қалдықтарды сұрыптауды үйрету. Осылайша қоқыстарды арнайы кабиналарға тастауды әдетке айналдыру керек. Негізі көп компаниялар қалдық шығармауға тырысу керек. Мәселен пластикалық ыдысты қолданбаған жөн. Ол адам денсаулығына өте зиян», – деді жоба жетекшісі Евгений МҰХАМЕДЖАНОВ