|
05.06.2019 | 19:40
4876

«Менің сүйікті аулам» байқауы жарияланды

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 750 мың теңге

«Менің сүйікті аулам» байқауы жарияланды

Алматыда ең үздік аула таңдалмақ. «Менің сүйікті аулам» байқауына Медеу ауданының тұрғындары қатысып бағын сынай алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үміткерлерден өтініш қабылдау бүгіннен бастап, 14 маусымға дейін жалғасады. Егер сіз үйінің маңайын гүлдендіріп, жасыл желекке ораған тұрғынды білсеңіз, ауланы суретке түсіріп, мекен-жайды dz@posadiderevo.kz поштасына жолдай аласыз. Жеңімпаз 18 маусым күні анықталмақ. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 750 мың теңге.

«Байқаудың мақсаты – біздің аудан тұрғындарын, қоғамның мүшелерін өз қаласына, өз қоршаған ортасына көңіл бөліп, таза ұстауына, өз ауласына дұрыс қарауға үндеу. Осы жолда жарқын үлгі көрсетіп,  нағыз аула жанашырларын марапаттау арқылы, басқаларды да шабыттандыру», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы баспасөз қызметінің маманы Азат ӘЖІМАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

двор дворы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир