Алматыдан Қырғызстанға 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Толассыз жауған жауын салдарынан Ош қаласы мен облысында сел жүріп, біраз елдімекенді су басқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдан Қырғызстанға 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Толассыз жауған жауын салдарынан көрші елдің Ош қаласы мен облысында сел жүріп, біраз елдімекенді су басқан. Өткен айдың аяғы мен 14 шілдеде болған тасқын салдарынан 1,5 мыңға жуық айыр қалпақты ағайын қауіпсіз жерге көшірілген. Отандастарымыз табиғи апаттан жапа шеккендерге азық-түлік, көрпе-жастық, тұрмыстық және гигиеналық заттар жіберуді жөн көрді.

– Қиын-қыстау кезеңде  бауырлас қырғыз халқына көмек қолын созу  міндетіміз. «Біз біргеміз» қоғамдық қорымен бірлесе «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері гуманитарлық көмек жөнелтеді. Керекті тұрмыстық заттарды жеткізуге тырысамыз, – деді қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов.

Көмекті жіберуге 20-дан аса ерікті атсалысқан. Ал қаржы қоғамдық қор жинағынан алынған.

Еске салайық, 14 шілдеде көрші елдегі тасқын кезінде бір отбасының 4 бірдей мүшесі суға кеткен. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі олардың денесінің Өзбекстаннан табылғанын хабарлады.

– Елімізде бірнеше ай бұрын су тасқыны болған кезде алғашқы көмекке келген Қырғызстан халқы болатын. Әр жұма сайын қазақ халқы 100 теңге, 1000 теңге садақа береді. Сол жиналған қаражат резервте тұрады. Бүгін 40 тонна гуманитарлық көмек бауырлар еліне жөнелтілді, – деді «Biz birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Перизат Қайрат.

Оқи отырыңыз: Дактилоскопия: саусақ ізін тапсыруға кімдер міндетті

Новости партнеров