Бүгіннен бастап жұмысын қайта бастаған кәсіпорындардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметтері жанданған мекемелердің атауы мен мекен-жайлары Алматы қаласының ресми интернет-ресурсында көрсетілген. Кәсіпорындарға өндіріс кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының сақталуына аудит жүргізілді.
Кәсіпорындар жұмысы іске қосылғаннан кейін олар бақылауға алынады және тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда қызметін тоқтатуға дейін шара қолданылады. Мәселен, термометрия мен денсаулық жағдайына байланысты сауалнама жүргізу арқылы күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеру талап етіледі.
Барлық қызметкерлерді медициналық бетперделер және қолғаптармен, дезинфекциялаушы орамалдармен, сонымен қатар, тері антисептиктерімен, санитайзерлермен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, жұмысшылардың топ болып жиналмауын қадағалау керек. Олар барынша арақашықтықты сақтауға міндетті. Жиындардың санын барынша қысқарту, сондай-ақ адамдардың бір жерде көп шоғырлануын, сонымен қатар, асханаларда болдырмау маңызды.
Үй-жайларда тұрақты дезинфекция және ылғалды тазалау, желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена үшін санитарлық тораптар және т. б. жұмыс істеуі тиіс. Бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік комиссияның шешімімен 20 сәуірден бастап Алматы қаласында кәсіпорындарды кезең-кезеңімен іске қосу аясында: өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша нотариустар және тек бизнеске қызмет көрсету үшін Наурызбай ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесінің жұмысына рұқсат етілген.