Тәрбиеші бала ұрламақ болған оқиғадан кейін балабақшаларда қауіпсіздік күшейді

Тәрбиеші бала ұрламақ болған оқиғадан кейін балабақшаларда қауіпсіздік күшейді
Саягүл Жаңалық былтыр аудандық «Үздік педагог» номинациясын иеленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

16 шілде күні Алматыдағы № 96 балабақшадан бейтаныс жанның баланы алып кетпек болған оқиғасынан кейін мектепке дейінгі мекемелерде тәртіп бірден күшейтілген. Қақпаларына күзет қойылып, баланы алып кетуді ата-анасының өзіне ғана міндеттеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал оқиға орын алған бөбекжай әкімшілігі күдікті тәрбиеші бұған дейін теріс қылық көрсетпегенін айтуда. Жұмыс істегеніне 5 жыл болған ол тіпті былтыр аудандық «Үздік педагог» номинациясын иеленген.

«Саягүл Жаңалық бізде 5 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында өзін теріс жағынан көрсеткен емес. Тәртіптік кеңеске де тартылмаған. Балабақшаның өміріне белсене аралысып отыратын. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны мен үшін әлі түсініксіз. Құзырлы орын тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады. Оның жұмыста қалу-қалмауын уақыт көрсетеді», – деді Алматы қаласы № 96 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Наталья КАРАСЁВА.

«Үйде баламен көбірек ойнау керек. «Егер бейтаныс адам келсе, сен не істейсің?», «Саған тәтті кәмпит алым беремін, ойыншық алып беремін десе қайтесің?» немесе «Жүр, мен саған әдемі марғауды көрсетемін десе ше?» деген секілді ситуациялық сұрақтар қою керек. Ойын баласы болғаннан кейін есінде жақсы сақталады. Болмаса, құпия сөз ойластыру керек секілді. Баланы алып кетуге келгенде бейтаныс адам сол құпия сөзді айтпаса, ешқайда бармау керек», – деді «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна ГУРИНА.

Қазір қаладағы кез келген балабақша қауіпсіздік нұсқаулығын қатаң ұстауға тырысып жатыр. Әрбір ата-анамен келісім-шарт жасалып, баланы тәрбиешінің қолына беріп, қолынан алу керек деген тарауы да жазылған. Егер өзі алып кете алмаса, өзге адамға сенімхат жасалуы тиіс. Алайда, кәмелет жасқа толмағандарға, немесе мас күйінде келген адамдарға балалар

Бейнебақылау камерасы да бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден бір құрал дейді жауаптылар. Алматы қаласында 874 мектепке дейінгі мекеме болса оның 184 мемлекеттік, қалған 690-ы жекеменшік. Жауаптылар аталған нысандардың барлығы бейнекамералармен жарақталған дейді.  

«Білесіздер, барлық жерде бейнебақылау камералары бар. Қай жерде аз, көбейтіп жатырмыз. Барлық есіктер домофонға жабылады. Ата-аналарға да айтқым келеді. Сіздер де сақ болып, балаларды балабақшаға алып келгенде арнайы журналға қол қойып, баланы тапсырып кетеді. Сырттай есіктің алдына тастап кетуге болмайды. Қолдан қолға беру керек тәрбиешіге», – дейді Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Әлия САҒИЕВА.

Азамат Әуезхан, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров