Биыл Қазақстан түрмелеріне тыйым салынған заттарды алып кірмек болған 151 адам ұсталды. Олардан 267 телефон, 33 литр спирттік ішімдік пен 2 келіге жуық есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Заңды бұзған 88 адамға қатысты сот шешімі шықты. Ал 58 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.
– Фактілерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірден анықтап, жолын кеседі. Колонияларда заманауи бейнебақылау жүйелері енгізілген, сонымен қатар қажет жағдайда ұялы телефон байланысын бұзу жүйесі жұмыс істейді. Қазір колонияларға ұялы байланыс құралдары мен басқа да техникалық құрылғыларды заңсыз беру немесе жеткізу үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесі пысықталып жатыр. Бұл норма тек сотталғандарға ғана емес, сонымен қатар мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге мүмкіндік берген қызметкерлерге де қатысты болады, – деді ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің басшысы Шыңғыс Әлекешов.
Оқи отырыңыз: Пышақтап кетті: Астанада ауруханадағы оқушының жағдайы ауыр