|
07.06.2019 | 18:56
1289

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған жақтаушылар форумы өтті

«Көк Төбе» паркінде өткен шараға «TEAM QAZAQSTAN» командасы мен жастар ұйымының өкілдері қатысты

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған жақтаушылар форумы өтті

Алматы  – жастар қаласы. Сондықтан әрқашан егемен елдің болашағы саналатын жас ұрпаққа қолдау көрсету әрі олардың жағдайын жасау – басты міндет. Бүгін Алматыда Нұр-Отан партиясынан Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға бағытталған жақтаушылар форумы өтті. «Көк Төбе» паркінде өткен шараға «TEAM QAZAQSTAN» командасы мен жастар ұйымының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Елімізде жастарға жақсы қолдау жасалып жатыр.  Елбасымыздың бастамасымен осыдан 27 жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасы құрылған болатын. Қазірдің өзінде жылына 700-ге жуық жасты  алыс-жақын шет елдерге оқуға жіберіп жатырмыз.  Олардың 12 мыңнан астамы елге оралып үлгерді. Екі мыңға жуық жас бүгінде шетелде білім алып жатыр», – деді  ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалық сайлауалды штабының мүшесі Қымбат ӘБДІКЕРІМОВА.

«Бұл шараның мақсаты – жастардың өз борышын өтеуіне үндеу тастау. Қазақстанда жастар ең көп шоғырланған қала – Алматы. Сол себепті біз жастарды сайлауда өз позицияларын айқын білдіріп, белсенді болуға шақырамыз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалық сайлауалды штабының мүшесі Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир