|
13.01.2020 | 18:56
5372

Оксана Теннің арызын сот қанағаттандырмады

Бұл мәселе тек Теннің отбасын ғана алаңдатып отырған жоқ

Оксана Теннің арызын сот қанағаттандырмады Фото kursiv.kz

Марқұм Денис Теннің анасы жазған тағы бір арыз қанағаттандырусыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атақты фигуристің анасы Оксана Тен қайғылы оқиғада жұмыстарына жүрдім-бардым қарады деп полицейлердің үстінен арызданып, тергеуді қайта жүргізуді сұраған еді. Оның сөзінше, тәртіп сақшылары алғашқы көмек көрсетпей, салғырттығы «абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқты» деп санайды. Дегенмен, қалалық сот оны қанағаттандырмады. Айта кетейік, бұған дейін Оксана Тен жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға да шағымданған. Дегенмен, 2019 жылдың наурызында қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан.

«Барлығын жіті тексеру керек. Бұл мәселе тек Теннің отбасын ғана алаңдатып отырған жоқ. Қоғамның өзі күдіктеніп, уайымдап отыр. Біздің ойымызша, тәртіп сақшылары халықты көпшілік орында өзін бейәдеп ұстағаны мен темекінің қалдығын тастауға ғана жаза жазып берумен шектелмеуі керек. Олар бізге пышақ ала жүгіргендерді де тоқтата алулары керек» - деді қорғаушы Нұрлан СИҚЫМБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир