|
17.09.2024 | 19:01
92

Жағымсыз иіс: мал сою орнындағы қалдық су ауылға тарап кеткен

Үйден ашылған 20-ға жуық заңсыз орын бар

Жағымсыз иіс: мал сою орнындағы қалдық су ауылға тарап кеткен Almaty.tv

Ауылдың ішін қолқаны қабатын жағымсыз иіс жайлап кеткен. Бұл – Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы тұрғындарының бас ауруына айналған мәселе, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – Қарабұлақ ауылындағы заңсыз мал сою орнынан шыққан қалдық су. Ол арыққа айналып, тіпті ауылға тарап жатқан көрінеді. Тұрғындар қаншама жылдан бері ашық-шашық жатқан кәріз суы мен осындай қалдықтардың иісінен әбден зәрезап болған.

Сайрам ауданында ірі қара мал басы 200 мыңнан асады. Аудан бойынша тәулігіне орта есеппен 3 мыңға жуық мал сойылады. Ал үйден ашылған 20-ға жуық заңсыз орын бар. Аталған мәселені шешу үшін жауаптылар мал қозғалысын қадағалайтын бекеттер қоя бастапты. Өйткені соңғы кездері өңірде ұрланған төрт түліктер де сойылып жатыр.

– Үлкен малдың сырғасы болмаса, инспекция комиссия құрады. Сол комиссияның шешімімен малдар сырғаланады. Біз бұл жұмысты тек Қарабұлақта ғана емес, Манкент, Ақсукент, Көлкент ауылдарында жалғастырамыз, – деді ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбай.

Ал аудандық әкімдік өкілдері «ауыл тұрғындарының жағымсыз иістен құтылатын күні алыс емес» дейді. Өйткені қазір Сайрам ауданында малдың қаны мен сүйегін қайта өңдейтін цехтардың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ,төрт түліктің жүні мен терісін өңдеу және кәдеге жарату бойынша да бірқатар жобалар жүзеге аспақ.

Нұркен Әкімхан, «Алматы» телеарнасы, Түркістан облысы

Оқи отырыңыз: Өтемақы төлемеді: Атырау облысындағы қарғын судан зардап шеккен шаруалар шу шығарды






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир