|
27.08.2024 | 19:04
182

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндады.

Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Президент: Мемлекет ең жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға жеткілікті мөлшерде қаржы бөледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир