Көз жұмған қос бүлдіршіннің анасы күдікті деп танылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында екі баланың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру барысында қос бүлдіршіннің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Оқиға кеше өңірдегі Бұқар жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде болыпты. Жедел әрекет барысында асқан айуандыққа баруы мүмкін деген күдікті қолға түскен. Ажал құшқан бүлдіршіндердің кішісі 2, ал үлкені 4 жасқа толған. 

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жарияланбайды, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Шымкентте есірткі таратумен айналысқан бір отбасының үш мүшесі сотталды

Новости партнеров