|
30.05.2019 | 19:28
2197

Алматыдағы Күләш Байсейітова көшесі де қайта жаңғырғалы жатыр

Жөндеу Қабанбай батырдан Төле би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды

Алматыдағы Күләш Байсейітова көшесі де қайта жаңғырғалы жатыр

Алматыда биыл қайта жаңғырту жұмыстары жасалатын аймақтардың ішінде Күләш Байсейітова атындағы көше де бар. Жөндеу Қабанбай батыр көшесінен басталып, Төле би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа кейіпке енетін көшеге әсіресе студенттер жиі келеді деп күтілуде. Өйткені, көше қос жоғары оқу орнының ортасында орналасқан. Дегенмен, онда жастардан бөлек, кез келген қала тұрғыны қыдыра алады.

«Қазір жаңғыртылған көшелерді көріп жүрмін. Ол жолдарда жүрсеңіз, көңіл-күй көтеріліп, кәдімгідей қалықтап ұшып бара жатқандай боласыз», – дейді қаланың жас тұрығы.

Келесі бір тұрғын көшенің сұлулығына тамсанып, жергілікті тұрғындар үшін серуендеуге таптырмас орынға айналғанын айтуда.

«Көшелерді жаяу жүруге ыңғайлы етіп жасаса, жақсы болар еді. Себебі басқа көшелерде көлікті тізгіндегендер біздің емін-еркін жүруімізге кедергі келтіреді. Темір тұлпарларын кез келген жерге қойып кете береді», – деп мұң шақты қала тұрғындарының бірі.

Қайта жаңғыртудан өтетін Күләш Байсейітова көшесінде маусымдық кафелер ашылады. Сондай-ақ жазда сая болатындай әр түрлі сұрыпты 400-дей ағаш отырғызылады. Жөндеуден кейін көшеге көлік кіруге мүлде тыйым салынбақ. Десе де, тек қаладағы қызметтік апаттық құтқару көліктеріне ғана рұқсат беріледі. Айта кетейік, биыл жөндеуге тек отандық құрылыс материалдары қолданылады.

«Біз оны әлі қолданған жоқпыз, сондықтан сапасы қандай болатынын енді көреміз. Бірақ сырттан былай қарасақ, бәрі ГОСТ-тарға сәйкес келіп тұр. Негізі кәдімгідей тас 100 жылдан аса қызмет етеді», – дейді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан АХМЕДЖАНОВ.

Жалпы жөнделетін көшеге заманауи орындықтар, көше жарық шамдары орнатылады. Сондай-ақ, қыдырғанда ыңғайлы болатындай қырлы тас төселеді. Қайта жаңғыртуға жауапты мамандар жұмыстар маусым айының ортасында басталып күзде толық аяқталады дейді.

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир