Үйде қару сақтау тәртібін білесіз бе

Almaty.tv
Almaty.tv
Тәртіп сақшыларының санағы бойынша, заңсыз айналымда жүрген 348 қару табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 2,5 мың адам қару сақтау тәртібін бұзған. Мылтық ұстауға рұқсаты болса да, оны баладан алшақ қойып, қол жетпейтін жерге қоймайтындардан қаруы бірден тәркіленіп алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ 14 тамыздан бері қару ұстайтындардың үйін аралап, ереженің сақталуын бақылап жүр. Тәртіп сақшыларының санағы бойынша, заңсыз айналымда жүрген 348 қару табылған. Қазақстан бойынша 2 миллионға жуық пәтер, 226 мың саяжай мен 35 мың шаруа қожалығы тексерілді. Құжаты болса да қаруды дұрыс сақтамағандарға айыппұл салынды. Ал оны қайтарып алу үшін басынан бастап емтихан тапсыру қажет.

– Қару алатын адамдар арнайы тапсырмадан өтеді. Содан соң, рұқсат алады. Сейф 3 см қапталуы керек. Бәрін тексергеннен кейін, қаруды алады, – деді Байқоңыр ауданы ПБ №30 бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты маман Біржан Намазбаев.

Рейд қаруды дұрыс сақтауын, ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтардың тәртіп бұзбауын, толық емес отбасын тексеру үшін жүргізіледі. Қыркүйектің соңына дейін жалғасатын іс-шара барысында заңсыз көшіп келгендер де анықталып, жаза қолданылады.

– Рейд республика бойынша 14 тамызда басталды. Осы іс-шара кезінде учаскелік полицейлейлер аулаларды, пәтерлерді тексереді. Профилактикалық тіркеуде тұрған азаматтардың белгіленген уақыттан кейін үйінен шықпауын, қаладан кетпеуін қадағалайды. Рейд жұмыстарына 11 мыңнан аса тәртіп сақшысы мен мыңға жуық ерікті жұмылдырылған, – деді ҚР ІІМ Арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қайрат Абулғазиев.

Оқи отырыңыз: БҰҰ әскери оқу-жаттығу өткізді

Новости партнеров