Алматы қаласының Жетісу ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үш көлік соқтығысқан апатқа «Tоyota Rav4» маркалы автокөліктің жүргізушісі себеп болған. Ол Солтүстік айналма жолы арқылы солтүстікке қарай екінші қатардан кері қарай бұрылмақ болып, «Howo» маркалы екі жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Жеңіл көлікті тізгіндеген жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
– Науқастың жабық бас сүйек-миы зақымданған, ми шайқалып, кеуде жарақатын алған. Сондай-ақ сол жақ қабырғасы сынып, өкпеге қатты соққы тиген, сол жақ бұғана сүйегі ығысып, оң қолы жарақат алған. №4 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды, – деді №4 қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Темірхан Қожахметов.
Оқи отырыңыз: БҚО-да 6 адам көлік апатынан қаза тапты