Алматыда Бейсен Құранбектің шығармашылығына арналған көрме ашылды

Алматыда Бейсен Құранбектің шығармашылығына арналған көрме ашылды
Көрмеге 200-ге жуық экспонат қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда белгілі журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қазақ телевизиясының майталмандары, қоғам белсенділері, журналистің ет жақындары қатысты. Онда халықтың сүйікті ұлына айналған арда азаматтың  құжаттары мен марапаттары, жеке заттары мен қолжазбалары ұсынылған.

– Көрмеге 200-ге жуық экспонат тапсырылды. Бейсекеңнің өмірінен көрініс беретін дүниелер адамға қатты әсер етеді. Көрме 2 аптаға созылады. Алдағы уақытта көшпелі экспозиция жасау жоспарда бар. Облыстарды аралауымыз мүмкін, – деді Б. Құранбектің жары Гүлмира Зербай.  

Көрменің ашылу салтанатына жиналған көпшілік журналист туралы ыстық естелік айтты. Қазақстанның мәдениет қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті Бейсен Құранбек 4 жыл бұрын 49 жасқа қараған шағында көз жұмды.

– Халқының сүйікті, қалаулы, жақын тартатын бауырындай болып кеткен азамат еді. Кез келген жерге барса, Бейсекеңді әр өңірдің адамдары «біз жақтың азаматы, біз жақтың тумасы» деп отыратын, – деді журналист, Б. Құранбектің әріптесі Досан Қызайбекұлы.

Оқи отырыңыз: Жол жоқ: Ауыл тұрғындары уәдесінде тұрмаған қала әкімін сынға алды

Новости партнеров