|
25.12.2019 | 19:48
3287

Алматыда «Жастар жылы» аясында 1000-нан астам жас баспаналы болды

2019 жылы Алматыда 100-ден астам спорттық, мәдени және танымдық шараға 120 мыңнан астам жас қатысқан

Алматыда «Жастар жылы» аясында 1000-нан астам жас баспаналы болды

Ал, 15 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Жастар жылын» қорытындылауға арналған форумда айтты. Елбасының бастамасымен жарияланған жыл алматылық жастар үшін табысты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров елдің ең белсенді күші және қоғамның қозғаушы күші осы жастар екендігін тілге тиек етті.  

«Сапалы білім – кемел келешектің кепілі. Тек қана білім болашақ әрқайсысы кілт болып есікті ашады. Достар еліміздің болашағы сіздердің білімдеріңізде. Күш жігерлеріңіз бен патриотизмге тікелей байланысты», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан БАБАҚҰМАРОВ.

2019 жылы Алматыда 100-ден астам спорттық, мәдени және танымдық шаралар өткен. Оған 120 мыңнан астам жастар қатысқан. Ал, қаладағы ең ірі шара Шымбұлақта бірінші Орталық Азия жастар фестивалінің өтуі болды. Оған 6 мемлекеттің жастары қатысқан еді. Сонымен қатар"QS World Wide - 2019" көрмесі мен халықаралық конференцияны атап өтуге болады. Осының бәрі Алматының белсенді әрі талантты жастарының арқасында жүзеге асты. Ал, бүгін Студенттер сарайында өткен форумда солардың арасынан үздіктерін марапаттады.

Мәселен, Медеу ауданы ең жалынды жастардың ортасы болса, Түрксіб ауданында көпұлтты жастар өмір сүреді. Алмалы ауданы тұрғындарының 45 пайызын жастар құраса, Алатау ауданы ең белсенді жастар ортасы болып саналады. Енді дамып келе жатқан Наурызбай ауданында сан түрлі сала жастары еңбек етеді. Ал, қаладағы ең көп студенттер Бостандық ауданында. Бұлардың барлығы Алматының дамуымен елдің өркендеуіне барынша үлестерін қосуда. Мәселен жас актер Ерлан Әлиұлы жастар жылы басталғалы өнерде жолым ашылды дейді.

«Биыл мен 5 жобаға түстім. Яғни оның 5-і де сериал. Әзірге. Бірақ, бастамасы жаман емес деп ойлаймын. Ең бастысы өзіме сенемін. Мақсаттарым өте көп. Тек қана сериал емес, үлкен киноларда еліміздің емес шет елдің киноларында  бағымды сынасам деген үлкен жоспар бар», - деді актер Ерлан ӘЛИҰЛЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир