Бердібек Сапарбаев зейнетақы қорында жинақталған қаржыны қалай қолдануға болатынын айтты

Бердібек Сапарбаев зейнетақы қорында жинақталған қаржыны қалай қолдануға болатынын айтты
Анықталғаны, зейнетақы қорында қазір 10 триллион теңге бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зейнетақы қорында жинақталған қаржыны оқу мен тұрғын үйге қашан және қалай шешуге болады? Бұл туралы бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз-мәслихатында мемлекеттің әлеуметтік салада атқарған қызметінің қорытындысын шығарған вице-премьер Бердібек Сапарбаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, палаталардың бірлескен отырысында Мемлекет басшысы үкіметке зейнетақы қаржысын пайдаланудың мүмкіндіктерін биылғы жылдың соңына дейін жетілдіруді тапсырған болатын.

«Зейнетақы шотындағы қаражатты қолдану салымшының жинаған сомасына байланысты болмақ. Бекітілген норма бар, сәйкесінше есеп те жүргізіп көрдік. Біріншіден, бүгінгі күнге дейінгі сома қандай? Екіншіден, қазақстандықтың өмірдің орташа ұзақтығы - 75 жыл. Мәселен, зейнетке шыққаннан кейін шотта 40 пайыздайы ақшасы қалуы керек. Осының барлығы ескеріледі», - деді ҚР Премьер-министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.

Зейнетақы қорындағы қаржыны баспана сатып алуға, ем қабылдап, білім игеруге жұмсауға болады. Анықталғаны, зейнетақы қорында қазір 10 триллион теңге бар. Бұл шамамен 10 миллионға жуық салымшы. Орташа алғанда әр салымшыға 1 миллион теңгеден келеді. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жайлы өмір үшін кем дегенде 11-12 миллион теңгеден жинақтау қажет.

«Жақын күндері үкіметтің ұсыныстары Президент әкімшілігіне тапсырылады. Бұдан соң, Мемлекет басшысы шешім шығарады», - деді ҚР Премьер-министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.

Новости партнеров