Қазақстан халқының саны 19 миллион адамға жақындап келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан халқы 2019 жыл:
халық саны-18,6 млн. адам;
қала халқы-10,8 млн. адам;
ауыл халқы-7,7 млн. адам.
Ерлер-48.5%;
әйелдер-51.5%.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, бүгінде Қазақстанда 18 миллион 632 мың адам бар. Көріп отырғанымыздай, қала халқының саны басым. Ал әйелдердің саны ер азаматтардан небары 3%-ға жоғары.
Қазақстан халқы 2019 жыл:
Қазақстан халқының өсімі – 236,5 мың адам;
Алматы - 62,2 мың адам;
Нұр-Сұлтан-57,6 мың адам;
Түркістан облысы - 36,4 мың адам.
Бір жыл ішінде Қазақстан халқы 236 мың адамға өскен. Ең үлкен өсім Алматы, Нұр-сұлтан және Түркістан облысында байқалған.