Алматы қаласының аумағындағы уәкілетті банктердің айырбастау пункттерінің жұмысы туралы
«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына, ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласы аумағында карантин және төтенше жағдай кезеңінде Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб төтенше жағдай режимінің әрекет ету уақытында қалада уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысын Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін уақытша шектеуге шешім қабылдады.
Бұл шаралар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған.