|
14.01.2020 | 20:00
8407

Алматыда 8 тұрмысы төмен отбасына көгілдір отын тегін қосылды

Мұндай шара Наурызбай ауданында кейін тағы жалғаспақ

Алматыда 8 тұрмысы төмен отбасына көгілдір отын тегін қосылды

Олардың қатарында көпбалалы, асыраушысынан айырылғандар мен жағдайы төмен отбасылар бар. Барлық жұмыстар демеушінің қаржысына жүргізілген. Осы уақытқа дейін үйлерін көмірмен жылытып келген олар бұл іске ризашылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Тұрсынкүл Жоланова Наурызбай ауданындағы жеке үйлердің бірінде тұрады. Асыраушысынан айырылған жалғызбасты ана бүгінде бір қыз тәрбиелеп отыр. Көшелерінде газ құбырлары болғанымен осы уақытқа дейін жағдайының нашарлығына байланысты көгілдір отынды үйіне кіргізе алмаған. Осы ретте жергілікті әкімшілікке газ кіргізіп беру туралы өтініш жазыпты.

«Көшемізге газ құбырлары жүргізілген. Бірақ оны кіргізуді біздің қалтамыз көтермейді. 360-350 мың теңге жобада болғандықтан, біз әкімшіліктен көмек сұрадық. Өздері демеуші тауып, бізге қазір газ кіргізіп беріп отыр. Кеше келісім шарт жасасып келдік», - дейді Тұрсынкүл ЖОЛАНОВА.    

Тұрсынкүлден бөлек, Наурызбай ауданында тұрған 7 отбасына да көгілдір отын тегін қосылды. Олардың басым көпшілігі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік аз қамтылған және асыраушысынан айырылғандар. Жұмыстың барлығын жекеменшік компания өкілдері өз қаражаттарына жасаған.

«Осы 8 отбасын газ жүйесіне қосып жатырмыз. Бір отбасын қосу бізге 350 мың теңгеге түсті. Барлығы 2 миллион 800 мың теңгеге шығып отыр. Осы шара бойынша бүгін бірінші үйді қосып жатырмыз. Өздеріңіз куә болып жатсыздар. Мұндай іс-шаралар әрқашанда болып тұрады», - дейді демеуші компания өкілі Сәкен БЕРДІБАЕВ.

Аязды күні көмір түсіруден, өрт қаіпсіздігінен құтылғандар алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді. Ал, жергілікті әкішілік өкілдері мұндай қайырымдылық шаралары әлі жалғасын табатындығын айтады.

Арнат Дүйсен, Мейрам Исабеков «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир