Nur Otan партиясына деген сенімнің артуы әрбір партия мүшесінің жұмысына байланысты – Б. Сағынтаев

Онда партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері пысықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Nur Otan қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аппараттық кеңес өткізді. Онда партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңесте мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру бойынша «Кедергісіз келешек» және коммуналдық инфрақұрылым және аумақты абаттандыру мәселелерін шешу бойынша «Құтты мекен» партиялық жобаларын жүзеге асыру барысы қаралды. Партияның аудандық филиалдары төрағаларының, сондай-ақ партия мүшелері – қалалық мәслихат депутаттарының жұмыс тиімділігі жеке қаралды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Nur Otan қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Қанкуровқа әлеуметтік әл-ауқат басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың нысандарын бейімдеу мониторингін жалғастыру тапсырылды.

Ал тәртіп жағы ретке келтірілмеген ұйымдардың басшылары екі ай мерзім ішінде бейімдеу жөніндегі жұмысты аяқтауы қажет. Екінші мәселе бойынша жетекшілік ететін басқармалармен бірге қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаев инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі кемшіліктерді жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Кеңесті қорытындылаған Б. Сағынтаев партияны қайта жаңғыртудың маңызды мәселелері, партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін және жүргізіліп жатқан жұмыстың сапалы құрамдас бөлігінің маңыздылығын атап өтті. Жұмыстың нәтижесі қалалықтардың партияға деген сенімінің өсуі болмақ.

Новости партнеров