|
26.05.2021 | 20:11
1227

Бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз – депутат

Қамаудағы бір адамның тамағына 1 018 теңге қарастырылған

Бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз – депутат Фото: sputniknews.kz

Елімізде бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері тым аз. Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның пайымынша, жәрдемақыларға қатысты рәсімдердің көптігі, оларды әкімшілендірудің күрделілігі сыбайлас жемқорлық схемаларын тудырады. Сондай-ақ, азаматтарды заңсыз әрекеттерге итермелейді. Мысалы, атаулы әлеуметтік көмек бойынша адамдар отбасының табысын азайту мақсатында ата-аналардың жалған ажырасуы сияқты және т.б. жәрдемақы алудың схемаларына жүгінеді дейді.

«Бірінші фактор – бала күтімі бойынша жәрдемақы мүлдем жеткіліксіз! Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы: бірінші балаға 16 802 теңге, екінші балаға – 19 865 теңгені, үшінші балаға – 22 898 теңгені, төртінші және одан артық балаға – 25 961 теңге. Бұл бір балаға күніне 560 теңгеден 865 теңгеге дейін жұмсалады деген сөз. Ал қамаудағы бір адамның тамағына 1 018 теңге қарастырылған», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Айжан Сқақова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир