Банкрот болған тұлғалар қандай жағдайда шетелге шыға алады

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет банкрот болған борышкердің қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет банкрот болған борышкердің қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оның айтуынша, борышкерді банкротқа ұшыраған жағдайда несие берушіге алдын ала хабарлауға міндеттеу ұсынылып, ол да қолдау тапқан. Бұдан бөлек, жалғыз баспана кепілде тұрса, банк алып қоюы мүмкін. Сонымен қатар жеке тұлғаның банкроттығы туралы әзірленген заң жобасы борышкерге оқу және жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығуға рұқсат беруді көздеп отыр деді.  

«Біріншісі, кепілде тұрған жалғыз баспана сот арқылы банкроттық рәсімдеу кезінде алып қоюға жатады. Сот процедурасы жүргізілуі үшін белгіленетін шекті мөлшері 1600 АЕК деңгейінде болады. Сондай-ақ бірнеше шектеу бар. Олар: 5 жыл несие алуға тыйым салу, 3 жыл шетелге шығуға тыйым салу. Ал банкроттықты қайталап рәсімдеу үшін арада 7 жыл өтуі керек», – деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

Новости партнеров