Қытайдан ұшып келетін барлық әуе рейстері тоқтатылды

123ru.net
123ru.net
Сондай-ақ, бүгін барлық емханаларда изолятор орындары ашылды.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аспан асты елінен Алматыға соңғы рейс бүгін таңғы 9 дан 15 минут өткенде келіп қонды. Ондағы барлық 200 жолаушы қазір эпидимиолог мамандардың бақылауында. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ, бүгін барлық емханаларда изолятор орындары ашылды. Ол шаһарда коронавирусқа шалдықты деген күдікке ілінгендерді эпидимиолог мамандары келгенше уақытша оқшаулайтын орындар. Одан өзге арнайы Ресейден әкелінген коронавирус сынамалары арқылы жүзден астам адам тексерілді.

«Коронавирустық инфекцияларды тексеретін тестілер бүгінде Алматыда, жалпы республика бойынша бар. Екі сағаттың ішінде тексеріліп, нәтижесі айтылады. Одан кейін референс зертханаға жіберіледі. Олар нәтижесін бізге хабарлап отырады», - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Сондай-ақ, департамент басшысы қаладағы барлық дәріхана қожайындарымен меморандумға қол қойылғандығы туралы да мәлімдеді. Енді фармецевтер бетперденің немесе өзге де дәрінің бағасын себепсіз көтере алмайды. Кәсіпкерлердің бағаны шарықтатып жіберуіне қатысты колл-орталыққа келіп түскен 5 шағым бойынша Полиция департаметі шара қолданып жатқанын жеткізді.

Новости партнеров