2019 жылы атмосфераға 2,4 млн тонна лас қалдық шығарылған

2019 жылы атмосфераға 2,4 млн тонна лас қалдық шығарылған
Республика бойынша өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу 34 пайызды құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Басты ластаушылар бұл – ірі өнеркәсіп нысандары, автокөлік және жеке тұрғын үйлер. Ол туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Парламент Мәжілісінде жаңа Экологиялық кодекстің жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Негізінен экологиялық проблемалар Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында өзекті. Елімізде қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші де төмен. Мәселен, республика бойынша өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу 34 пайызды, ал тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта кәдеге жарату небәрі 14 пайызды ғана құрайды.  Сондықтан, аталған мәселені шешу үшін Заң талаптарын күшейту көзделіп отыр.

«Қалдықтар жыл сайын өсіп барады. Егер ешқандай шара қабылданбаса, онда болжам бойынша 2030 жылы ластаушы заттардың нақты эмиссиясы 3,6 млн. тоннаны құрайды. Яғни олар 10 жылдың ішінде 1,5 есеге өседі. Экологиялық проблемаларды шешу үшін экологиялық реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, жұртшылықпен талқылана отырып, жаңа құжат әзірленді», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Новости партнеров