|
07.08.2023 | 20:19
2578

Астанада суға батқан баланы полицей құтқарып қалды

Павлодарлық 8 жастағы Инсар Асылхан баланы бірінші байқаған

Астанада суға батқан баланы полицей құтқарып қалды Almaty.tv

Астанада суға батып кеткен баланы полицей-әйел құтқарып қалды. Оқиға елордадағы аквапарктердің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Тәртіп сақшысы сол жерде демалып жүріп, бассейннен ес-түссіз шығарылған балдырғанды аман алып қалыпты. Негізі баланың қозғалыссыз су астында жатқанын павлодарлық оқуші бірінші болып көрген.

Оқиға 1 тамызда болған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан әйел адамның суға батқан балаға жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, тірі алып қалғанын аңғаруға боалды. Байқасаңыздар, оны бірінші болып жеткіншек байқаған. Павлодарлық 8 жастағы Инсар Асылхан ата-анасымен осы демалыс орнында шомылып жүрген. Бір мезетте судың түбінде қозғалыссыз жатқан балдырғанды көріп, көмек шақыра бастапты.

– Судың түбінде қозғалмай жатты. Алғашында тірі шығар деп ойладым. Бірнеше секундтан кейін батып кеткенін түсіндім. Сол жердегі құтқарушыларды шақыра бастадым. Видеоға қолыммен көрсетіп тұрғаным анық жазылып қалған, – деді Павлодар қаласының тұрғыны Инсар Асылхан

Жеткіншектің дабыл қағуынан кейін құтқарушы бірден суға сүңгіп, баланы алып шығады. Көмекке ер адам келгенімен, ол реанимация жасай алмаған. Сол сәтте сонда демалып жүрген Астана қаласының тәртіп сақшысы келіп, жасанды тыныс алу жаттығуын жасапты.

– Баланы судан алып шығады. Көкпеңбек. Өзі демала алмайды. Алғашқы медикалық көмек беруге тырыстым. Аллаға шүкір, бала аман-есен, сау, – деді ПД Анықтау бөлімінің анықтаушысы Назым Шәріпова

Назым Шәріпова құзырлы органда 14 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Көпбалалы ана мұндай оқиғаға бірінші рет тап болғанын айтады. Ол құтқарған балдырғанды да өз баласындай көретінін жеткізді.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир