Күтуден шаршадық: салымшылар ақшаны қайтаруды талап етіп отыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Көпшілік үй аламын деген үмітін үзген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматының іргесінен алынатын үйдің құрылысы әлі басталмады» деп арнамызға хабарласқан көрермен бар. Көпшіліктің айтуынша, құрылыс компаниясы да бір уәдені он қайталап, айлар бойы нақты жауап бермей келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

О баста құрылысқа рұқсат алған компания кейіннен бір себеппен қолда бар келісімнен ажырап қалады. Әкімдіктен бастаған істі жалғастыру үшін қайта рұқсат аламыз деп жүргенінде мердігерлер жұмыс істеуден бас тартыпты. Сөйтіп, тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмай жатып тоқтайды.

– Үкіметтің қаулысы бойынша, 2010 жылы бас жоспар бекітіліп қойған. Жоспарды бұзып, сол жерге құрылыс салмақшы болған. Сонымен, құрылыс тоқтағаннан кейін 9 ай уақыт өтті, бұлар біздің ақшамызды қайтармады. «Есепшотымызда ақша жоқ»дейді. Бұл жерде 3-4 пәтерден алған адамдар бар, – деді салымшы Нұрсұлу Ибраимова.

«Күтуден де, бос уәдеге бас қатырудан да шаршадық» деген салымшылар компания ақшасын қайтаруын талап етіп отыр. Мұндай талап қойған жалпы 136 адам бар. Олар үй салынып біткенше күтпейтінін жеткізді. Оның үстіне, әлі кірпіші қаланбаған құрылысты сатып алып жатқандар да аз емес.

– Заңсыз болғанына қарамастан, олар әлі де жарнама жасап жатыр. Мен өтінім жіберіп көрдім. Сату бөліміне хабарластым. «Тұрғын үй салынады, астында мектеп, балабақша болады» деп бізді алдап отыр, – деді салымшы Ғабит Нұрдәулетұлы.

Базынасын айтқан бұқара компанияның негізгі кеңсесіне жиналды. Жауаптылардан жауап аламыз деген ек, әдеттегідей, бізді ішке кіргізбеді, компанияның бас маманы да сыртқа шыға қоймады.

Шулап жатып, шығарған өкіліміз құрылыстың өз уақытынан 6-7 айға кешігіп жатқанын растады. Дегенмен, үй салынады, қолданысқа беріледі деп сендірмек болды. Бірақ ақшаны қайтаруда үлкен мәселе бар көрінеді.

– Ақшамды қайтар деп жатқан 130-дай адам. Оның ішінде біз 40 адамға қайтардық. Қазіргі өтінім бойынша 180 млн теңгедей қарыз боп тұрмыз. 30 шілде банк бермесе, өз қаражатымыздан қайтарып береміз. Басқа Тұрғын үйлер сатылып жатыр, – деді мердігер компанияның заңгері Нұрлан Жұмабеков.

Көпшілік үй аламын деген үмітін үзген. Олар тек қаражатты қайтаруды талап етіп отыр. Түсірілім барысында бізге компанияның заңгері кемі 4 миллионнан басталатын алғашқы салымды жуық арада қайтаруға мүмкіндік жоғын атап өтты.  Дегенмен, санаулы минут бұрын салымшылардың үшеуіне тиісті ақшаның берілгенін білдік. Ендігі уәдеге сенсек, құрылыс компаниясы күн сайын 2 адамға баспана үшін берген миллиондарды қайтармақ.

Мадина Оқас, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров