Бүгінгі күні прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлармен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді. Бүгінгі күні, 21 қылмыстық іс өндірісте, олардың ішінен 20 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен және 1 арнайы прокурорлармен тергелуде. 43 арыз бойынша тексерулер жалғасуда, 22-сі өз дәлелін таппады», - деді спикер.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел ден қою бойынша мобильді топтар ұйымдастырылды.
Бас прокуратура құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне жасалған әрбір шағымды мұқият қарап, қайта тексеретінін мәлімдеді.
Елдос Қилымжанов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел шара қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған. Кезекші прокурорлардың барлық байланыс телефондары «prokuror.gov.kz» ресми сайтында орналастырылғанын еске салып өтті.