Бұл туралы Көлік министрі мәлімдеді
Елімізде 2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктері сынақтан өтеді. Көлік министрі бұл темір тұлпарлар автопойыздар сияқты қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Яғни, олар жеке-жеке жүрмейді, бір көлік бірнеше тіркемені тартып, ұзын құрам болып жүк тасиды. Ал оларды бақылау үшін Үкімет жаңа жол салғанда трассаларға арнайы датчиктер мен құрылғыларды орнатпақ. Бұдан бөлек, ведомство басшысы жүргізушісіз такси және аэротакси қызметін реттейтін жеке заң жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Құжат келесі жылы Парламентке енгізіледі. Сөзінше, пилотсыз такси жобасында қытай тәжірибесі басшылыққа алынуы мүмкін.
«Әлемнің көптеген қаласында жүргізушісіз такси жұмыс істеп тұр. Қытайдың Шэньчжэньде қаласында пилотсыз таксиге рұқсат етілген. Бірақ әзірше ішінде жүргізуші бірге отырады. Оның бәрі жолаушының қауіпсіздігі үшін жасалады. Бізде де осындай модель енгізілуі мүмкін», – деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Оқи отырыңыз: Мемлекет қаржысына елорда төрінен екі бөлмелі пәтер алғандар анықталды