Біз әртүрлі болсақ та бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз - Абдухалил Уралбаев

Кездесуге этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бір шаңырақ астында». Бүгін Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Алматыда елдің қалыптасу кезеңіндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері талданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға жиналғандар ұлтаралық келісімнің рөлі жөнінде де баяндама оқыды. Сондай-ақ басқосуда елде 120-дан аса ұлт өкілі сыйласа өмір сүріп жатқаны сөз болып, бірлік, ынтымақ сынды құндылықтардың құны әрдайым жоғары тұратыны айтылды.

Атап өтейік, кездесуге этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.

 «Біздің ел – өсіп өркендеп келе жатқан, тұрақтылық қалыптасқан мемлекеттердің бірі. Маңызды күн қарсаңында, қазақстанның барша тұрғынына тек жақсылық тілеймін. Біздің күш – бірлікте. Мемлекет басшысы айтқандай, біз әртүрлі болсақ та біргеміз, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз», – деді  «Алматы қалалық өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдухалил Уралбаев.

Оқи отырыңыз: Павлодар және Ақсуда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Новости партнеров