Зиялы қауым өкілдері қала әкімінің есептік кездесуіне пікір білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv
«Әкім мен Алматы қаласы тұрғындарының жүздесуі жоғары дәрежеде өтті» - деді қоғам қайраткерлері бірауыздан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Олардың айтуынша кездесудің еркін форматта өтуі және сұрақ-жауапқа уақыттың мол бөлінуі көңілден шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жүрекжарды мәселелер қойылды. Бүгінде халықтың сұранысына ішкі-жандүниесімен  жауап беретін осы адам.  Жалпы, жасап жатқан жұмысы да, бағыты да дұрыс. Халықтың мұң-мұқтажына шешілмеген мәселелерін, тұратын жерлерін көп-ақ екені көрініп тұр. Соған бірақ жауапкершілігімен қарайтын адам деп есептеймін бұл азаматты, сондықтан болашақтан үмітім зор», - деді Қазақ Тағамтану академиясының президенті Төрегелді ШАРМАНОВ.

«Әкім мен Алматы қаласы тұрғындарының жүздесуі жоғары дәрежеде өтті дер едім мен.  Өйткені сөз деген – өте құдіретті нәрсе. Әкімнің  бойындағы халқына деген ниеті, ықыласы , адамгершілігі, кісілігі -  үлкенді де, кішіні де тыңдағаннан білінеді», - деді қоғам қайраткері Асылы ОСМАН.

«Үлкен бір ұзақ баяндаманың орнына әкім аудиториядан сұрақтар қабылдауға көшіп кетті, да олда бізге ұнады. Өйткені біріншіден, баяндамада не айтылатынын бәрін білеміз. Екіншіден, сұрақ арқылы халықтан қандай мәселелер барын білу – демократиялық  деңгей.  Бұл – өте жақсы қасиет. Сондықтан соның бәрі мені қуантып тұр», - деді қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Бекнұр ҚИСЫҚОВ.

Новости партнеров