Биыл қалада 18 шақырымға жуық су құбыры мен 12 шақырым кәріз желісі жүргізіледі

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Бүгін есептік кездесуге келген тұрғындар су мен кәріз жүйелерінің әлі де толық жетілмегендігін алға тартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін есептік кездесуге келген тұрғындар су мен кәріз жүйелерінің әлі де толық жетілмегендігін алға тартты. Көбіне бұл – қаланың шеткі жағынада орналасқан Наурызбай, Алатау, Жетісу, Медеу сияқты аудандардағы мәселе, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде қаладағы кәріз желісі мен ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Мегаполис көлемінің күн санап үлкеюі  де – бұған бірден бір себеп. Қала әкімінің есебінде тұрғындар әлі де ауыз судың ақсап тұрғанын алға тартты. Десе де халықпен етене жұмыс жасап жатқан әкімдік ауыз суға қатысты сұрақтарды барынша тез шешуге ниетті.

«Наурызбай ауданын әкімінің қабылдауында болып, сол ауданға қарасты «Ақжар» елді мекенінде 4-5 жыл болды шешілмей келе жатқан су мәселесін алға тарттым. Қанағаттанарлық жауабымды алдым. Бір ай көлемінде су мәселесін шешіп беретін болды», - деді Наурызбай ауданының тұрғыны Есбол БАЙБОЛОВ.

Сондай-ақ қалаға жақында қосылған елді мекендерде су мәселесі өршіп тұрғанын жеткізді. Мәселен, Медеу ауданына 2015 жылы қосылған «Широкая шель» шағын ауданының тұрғыны коммуналды шаруашылық жайы кенже қалған дейді. Себебі елді мекен бұрын саяжай болған. Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев мәселенің ауқымды екенін атап өтіп, мұны жоспарлы түрде шешу керектігін жеткізді.

«Бізде әлі күнге ауыз су жоқ, көшелерге жарық қойылмаған, кәріз құбыры тартылмаған. Адамдар суаруға арналған суды пайдалануға мәжбүр. Айтыңыздаршы, ауыз су мәселесі қашан шешіледі?», - деді келесі бір тұрғын.

«Бізге адамдар жерлерін саяжайдан басқа категорияға ауыстыру турасында өтінішпен жиі шығады. Бірақ ол бірден біте салатын іс емес. Алайда толықтай саяжай деуге келмейтін үйге көбірек ұқсайтын көшелермен, елдімекендермен жұмыс қазірдің өзінде басталып кетті», - деді алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Жалпы биыл аудандарда коммуналдық қызметтер жоспарлы түрде жүргізілетін болады. 2020 жылы 153 шақырымнан астам  су құбыры жүргізілсе, 134 ке жуық км кәріз желілері тартылатын болады.

Назкен Еркін, Қобылан Әлдибеков «Алматы» телеарнасы.

Новости партнеров