Екібастұздан Алматыға келген балалар қалай демалып жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Балалардың басым көпшілігі шипажай мен курорттарға жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұздық мыңнан аса оқушы елдің әр аймағына демалысқа жіберілді. Бұл қатарда Алматыға келген 30 бала да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қысқы демалысын қызықты өткізіп жатқан балалардың көбі Алматыға бірінші рет келген. Олар оқу озаты, олимпиада жеңімпазы мен көпбалалы және аз қамтылған отбасының өкілдері. Бағдарлама негізінде балалар шипажайда, мемлекеттік цирк пен қаланың өзге де көрікті орындарына барып қайтқан.

«Басты мақсат – қазіргі таңда қысқы демалыс дұрыс әрі қызықты өтуіне атсалысу. Екібастұздағы жағдайдан кейін ұйымдастырылған іс-шара еді», – деді AMANAT партиясы медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азат Әжіманов.

«Менің ойымша, балаларға керемет сыйлық болды. Себебі, мындай қиын жағдайдан кейін кішкене болсын жаңа жыл қарсаңында балалардың көңілін көтеріп, жаңа оқу жылында сергіп оралады деген ойдамыз», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Жанерке Кәпжанова.

Екібастұзда жалпы 30 мектеп бар десек, Алматыға арнайы келгендер соның 13-інен іріктеліп алыныпты. Балалардың дені 5 пен 11-сынып аралығында оқиды. Оларды ерте келген мұғалімдер мен медбикелер тағы бар.

«Екібастұздағы жағдай қайталанбасын деп тілеймін. Алматыға, Медеуге мен бірінші рет келдім. Көп дос таптым, өте көңілді. Рақмет!», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Томирис Байкенова

«Мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бізге көмектесіп, бізге қол ұшынберді. Алматыда Медеу өте әдемі екен!», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Ажар Нәсібиденова.

Екібастұздық оқушылар қазір Қазақстанның әр аймағындағы 16 лагерьде демалып жатыр. Балалардың басым көпшілігі шипажай мен курорттарға жіберілген.

Мадина Оқас, Сағынғали Мұңайтбасов, «Алматы» телеарнасы  

Новости партнеров