Ол алдағы жылы пилоттық жоба негізінде Нұр-Сұлтан қаласының 5 білім ошағындағы дене шынықтыру пәндеріне енгізілетін болады. Бұл туралы еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Біздің негізгі мақсатымыз – қазақ күреcін әлемдік деңгейге көтеру. Ең алдымен, қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізуді қолға алдық. Қазіргі таңда қазақ күресінің 100 сағаттық оқу бағдарламасы дайындалды. Ол оқу бағдарламасында күрестің әліпбесінен бастап өзіндік спорт түрі ретінде барлық қырлары, оқыту жолдары қамтылған», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, QAZAQ KURESI федерациясының президенті Дәурен АБАЕВ.
Осылайша қазақ күресі біртіндеп еліміздің барлық мектебіне енгізіле бастайды. Ал оны оқыту үшін мамандар тартылады. Жаттықтырушыларды дайындау үшін елордада Қазақ ұлттық күрес академиясы ашылмақ. Ал, мамандар оқытумен ғана емес, біліктілікті арттырумен де айналысады.