|
08.04.2020 | 21:46
24510

E-Polisia қосымшасы тек Алматы қаласы үшін жасалған

Бұл алматылықтардың қосымшаны жүктеп алуына кедергі келтіреді

E-Polisia қосымшасы тек Алматы қаласы үшін жасалған Almaty.tv

Бүгін іске қосылған E-Polisia қосымшасы тек Алматы қаласы үшін жасалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өйткені, өзге өңірлердің азаматтары оны жалпыға ортақ деп жаппай өздерін тексеруге кіріскен. Бұл алматылықтардың қосымшаны жүктеп алуына кедергі келтіреді дейді қалалық Полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек. Құрылғыны андроид жүйесінде тегін жүктеп алуға болады. Енді кез келген азамат өзінің мобильді құрылғысы арқылы  қалада карантин кезінде жүруге рұқсаты бар-жоғын біле алады. Ол үшін жеке сәйкестендіру немесе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізу қажет. Сондай-ақ, енді қосымша полиция департаментінің жедел желісіне түскен жүктемені азайтады. Себебі, соңғы үш күнде колл-орталыққа 40 мыңға жуық қоңырау түскен. Қазіргі таңда 10 оператор жұмыс істеп жатыр.  

«Қосымшаның жұмысы басталғалы бері бірінші 15-20 минуттың ішінде мыңға жуық адам мобильді құрылғыны телефондарына орнатты. Әрине, бастапқыда техникалық ақаулар да болды. Өйткені қандай болмасын техника адами фактордың жоқтығына байланысты істен шығуы мүмкін. Қандай да бір кемшілігі болуы мүмкін. Бастапқыда осындай қиындық болады. Дегенмен  бұл база күніне бірнеше рет жаңартылады», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Бұдан бөлек, қосымшада онлайн режимінде полицияға өтініш, шағым тастауға болады. Айта кетейік, қалалық жедел штаб мәліметтерді базаға күніне бірнеше рет енгізіп, жаңартып отырады. Алматыда карантин режимін жариялағалы бері 280-нен аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 106-сы әкімішілік қамауға алынған, қалғандары айыппұл төлеген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир