Қазақстанда вейптерді сатуға және тұтынуға тыйым салынбақ

09.06.2022 01:46

Мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, қазір қыздырылатын темекіге ешқандай салық салынбайды

Almaty.tv


Қазақстанда вейптерді сатуға және тұтынуға тыйым салынбақшы. Бүгін төменгі палата депутаттары аталған шылым түрін сатуға шектеу қоятын түзетулер енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәжілісмен Аманжан Жамаловтың айтуынша, қазір қыздырылатын темекіге ешқандай салық салынбайды. Бірақ олардың адам ағзазына зияны кәдімгі темекімен бірдей. Сол себепті депутаттар стиктерге кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70 пайыз мөлшерінде акциз енгізу туралы шешім қабылдады.

«Ағзаға әсері, никотин мөлшері және басқа параметрлер бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау тұжырымына сәйкес, қарапайым темекімен бірдей зиянды. Оларға кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70% мөлшерінде акциз енгізу ұйғарылды. Түрлі иісті темекілерді Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталды», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.