|
05.09.2024 | 21:01
692

Алматы аруы-2024: сұлулық сайысының жеңімпазы анықталды

«Алматы» телеарнасының жеке номинациясы вице-мисс атанған Әсел Абдыхалиеваға бұйырды

Алматы аруы-2024: сұлулық сайысының жеңімпазы анықталды Almaty.tv

«Алматы аруы» байқауының биылғы жеңімпазы анықталды. Қазылар алқасының шешімімен 19 жастағы Елдана Сауранбаева сұлулық сайысында үздік атанды. Байқауда 20 үміткердің сегізі гранд-финалға өтуге мүмкіндік алған. Мегаполистің жарқын іс-шараларының бірі саналатын конкурста биыл серіктестердің қатарында болған «Алматы» телеарнасының жеке номинациясы вице-мисс атанған Әсел Абдыхалиеваға бұйырды.

– «Алматы» телеарнасының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастыру комитетімен бірлесіп, «Almaty tv» аруын таңдадық. Біздің талабымыз өзгеше болды. Арулардың сөйлеу мәнері мен көрерменді баурай алатын қабілетіне мән бердік, – деді  «Almaty tv» арнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.

Оқи отырыңыз: Аламан құрақ: еліміздің шеберлері рекорд орнатуды көздеп отыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир