|
03.09.2020 | 21:05
1257

Ауыл шаруашылығына арналған өте үлкен көлемдегі жерлерді жекеменшікке бермеуіміз керек – Тайжан

Президент жер мәселесін де назардан тыс қалдырмады

Ауыл шаруашылығына арналған өте үлкен көлемдегі жерлерді жекеменшікке бермеуіміз керек – Тайжан 7kun.kz

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында білім, ғылымға ерекше көңіл бөлгені елдің жан-жақты дамуына өз септігін тигізеді дейді, мамандар. Соның ішінде, 500  ғылыми қызметкердің шет елде тәжірибеден өтуі  елдегі ғылым саласының алға жылжуына мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы тұста жас кәсіпкер қосымша сабағының пайда болғаны да көңілге қуаныш ұялатты дейді, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.

«Мектеп қабырғасынан бастап, университетке дейін «кәсіпкерліктің негіздері» атты қосымша сабақтың енгізілуі қажеттігі кеше тапсырылды. Бұл 21 ғасырдың басты мәселесі десек болады. Өйткені әрқайсымыз қазір қолымызға қармақ алып, өзіміз балық аулайтындай деңгейге жетуіміз қажет», – деді қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Президент жер мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Қасым-Жомарт Тоқаев жер шет елдіктерге сатылмайды деп, қадап айтты. Десе де Қазақстанның шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану керектігін айтты.

«Біз бұл мәселені мұқият қадағалауымыз керек. Ауыл шаруашылығына арналған өте үлкен көлемдегі жерлерді  біз жекеменшік бермеуіміз керек. Себебі ондай болатын болса, жеріміз бірнеше отбасының қолынан табылады», – деді саясаткер, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан.

«Кредит алып аламыз. Одан кейін қалай төлерімізді, өзіміздің табысымыздан да көп кредит алып аламыз. Оны қалай төлерімізді ойламаймыз. Соны ойласа деп ойлаймын. Сол туралы жақсы айтып кетті. Соған кішкене қаталдық қойса банкте», – деді қала тұрғыны Элеонора Сисебаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир